Құрметті рэп орындаушылар! Music News сайтына өздеріңіздің туындыларыңызды салғыларыңыз келсе немесе жаңалық орналастыратын болсаңыздар, жіберу формасы арқылы бізге жібере аласыз.

2010 жылдан бері, "Алаш" өнерлі жастар" қоғамдық бірлестігі болып танылып келген, шығармашылық ұжымы, продюсерлік орталығына айналды.

- "Алаш" Продюсерлік орталығы алдағы уақытта түрлі жобалармен, талантты жас өнер иелерімен біріге жұмыс істейтін боламыз. www.alashpro.kz біздің ресми сайт, өзгерістерге байланысты өңделуден өтіп жатқаны үшін, уақытша жұмыс істемейді, - Бақытжан Тұржан.

"Алаш" Продюсерлік орталығы 10 Наурызда алғашқы концертін "Көктемгі көңілашар" атты қайрымдылық концерт ретінде өткізді. Толықтай "Лада" газетінің сайтында жарияланған
.
Көргендер: 987 | Қосқан: Admin | Күні: 23.03.2012

- Сұхбатымыздың тізгінін, рэп жолында бастау алған «Жас Қыран» ұйымынан бастасақ. Ұйым қалай құрылып еді?

- Жалпы «Жас Қыран» ұйымы 2009 жылы құрылған болатын. Өздеріңе белгілі Тайфун, Миф бауырымның ұйымдастыруымен құрылып, артынан мені шақырған болатын.

- «Жас Қыран» ұйымының мақсаты неде?

- Біздің басты мақсатымыз, қазақша рэпке үлес қосып, қазақи тілде, қазақи мәнерде, қазақи деңгейде жоғары көтеру, халыққа көрсету, естірту, жәнеде қазақша рэптке ерекше дүние енгізу бұл тек әзірге.

- Осы мақсаттарыңыз қазір ретімен орындалып жатырма? ... Жалғасы »
Көргендер: 1437 | Қосқан: Admin | Күні: 13.01.2012

Тіл мәселесі, ұлт мәселесі қоғамда жиі айтылып жүрген проблемалық мәселелердің бірде бір бірегейі. Жеке дара тәуелсіз ел атанғанымызға жиырма жыл болып қалыпты. Бір қарағанда, аз уақыт емес. Бірақ осыған қарамастан, ұлты қазақ бола тұра әлі де тәуелсіздіктің мән-мағынасын ұғынбайтындар, әлі де қазақ тіліне мұрын шүйіріп қарайтындар кездеседі. Солардың ішінде жастардың – ел келешегінің бар екенін сезгенде көңіл құлазиды. Тек көңілге үміт ұялататыны «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін», «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде»- деген Елбасының сөзі. Бірақ, осы сөздерді біздің қазақтар естімейтін секілді. Оның қасында өзге ұлт өкілдері қазақ тілі деп Асылы Османдар жан ұшырып жүргенде қазақтардың дәл осылай «аузын ашып, көзін жұмып» отырғанын қалай түсінесіз? Кейбір ұлт жанды азаматтарымыз қазақтың ұсқынын емес жанын қазақ етуге тырысып –ақ жүр. ... Жалғасы »
Көргендер: 6168 | Қосқан: Admin | Күні: 30.12.2011

Құрметті Қазақстан елінің тұрғындарымен қонақтары! Сіздерді асыға күткен, қуанышпен жеткен жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Көңіліңізге сұлулық, жүректеріңізге жылулық, сөздеріңізге нақтылық, жолыңызға сәттілік, махаббатыңызға тұрақтылық, болашағыңызға сенімділік, арманыңызға бақыт, көңіліңізге шаттық, қадамдарыңызға гүл, өмірлеріңізге нұр тілейміз.

Қазақша рэп тарландарына, бұл жылы сіздерге көңілді шаттандырар, қазақ деп мақтандырар, шабытты шымырлатар, тапқыр ой мен ұтымды пікір, жүрекке жол табар салмақты шумақтарға, жаңа әуен мен қызықты жаңалықтарға толы, табысты да тартысты жыл болсын!


Табалдырығымызға қадам басып келе жатқан жылда,
... Жалғасы »
Көргендер: 1402 | Қосқан: Admin | Күні: 27.12.2011

- Алдымен сіз өзіңіз жайлы қысқаша айта өтсеңіз?

- Толық аты-жөнім Қосқатбаев Еркін Текейұлы. 1994 жылы 15-ші шілде де Ақтау қаласында дүниеге келдім. Ақтау қаласындағы №12-ші орта мектепте 11-ші сыныпта оқимын.

- "Alash Hip-Hop Battle” 2010 интернет сайысына қатысқаныңызға ризасызба?

- Иә.. Әрине.

- Бұл сайыста қандай оқиғалар болды есте қаларлықтай?

- Жартылай финалда өзімнің жақын бауырым Адайды қарсылас қылып қойған. ... Жалғасы »
Көргендер: 1099 | Қосқан: Admin | Күні: 26.12.2011

-Саламатсызба?! Сіз рэпке алғаш қашан қадам бастыңыз?

- Саламатсызба?! Жалпы 4 сыныпта қадам бастым. Көпшілік сенбейтін болар, бірақ ол солай. Сізге өтірік маған шын. Бірақ алғаш трэгімді 7-ші сыныпта жаздым.

- Жалпы рэп туралы түсінігіңіз қандай? Оған деген қызығушылық неден басталды?

- Менің оған деген қызығушылығым ауылымнан көшкеннен кейін басталды. Жалпы ондай қатты беріліп түсінігін зерттеп көрген жоқпын.

- Сонда ауылдан қалаға келгенде басталдыма?
... Жалғасы »
Көргендер: 1422 | Қосқан: Admin | Күні: 21.12.2011

- Сізге алғашымен қойылатын сұрақ, сіз қай жылдан бері рэп өнерімен айналысып келе жатырсыз?

- Ұмытпасам 2007 жылдан.

- Рэп өнеріне келуіне, сізге кім көмектесті немесе қалай келдіңіз?

- Негізінде ешкім көмектескен жоқ,  жалпы сол 2007 жылы «Underground Masters» деген рэп группа болды, солардың  "Бастама" деген трэгіне қызығып, рэпке қызуғышылық оянып, кіріп кеттік солай рэпке.

- Өзіңіз айтқандай қызығушылық дедіңіз. Қазақ рэпіне деген қызығушылық неден, қалай басталды? Толығырақ айтып берсеңіз?

- Жалпы сол «Underground Masters», ... Жалғасы »
Көргендер: 1029 | Қосқан: Admin | Күні: 20.10.2011

- Сәлеметсізбе? Өзіңіз жайлы қысқаша айта кетсеңіз? Рэп жолына қалай келдіңіз?

- Сәлем. Қарапайым отбасында тәрбиелендім. Әпкемнің қолында өстім. Рэп өнеріне BREAK биі арқылы келдім. Әрине достарымда көмектесті.

- Қазіргі таңда тындарман құлағына жеткен қанша әндеріңіз бар?

- Есімде жоқ. Шамамен 150-дей.

- Ал, Y.C Pro-нын қоржынында қанша бейнеклиптер бар?

- Қазір 5, бірақ алдағы уақытта тағыда басқа бейнеклиптер түсіреміз деп жоспарлаудамыз. ... Жалғасы »
Көргендер: 949 | Қосқан: Admin | Күні: 16.10.2011

Құрметті Жақаудың жанкүйерлері және біздің сайттың қолданушылары! Alash Production дайындаған Жақаумен өткізілген видео сұхбатты енді біздіңде сайттан көре аласыңыздар.


Видео www.alashpro.kz сайтынан алынған.
... Жалғасы »
Көргендер: 1412 | Қосқан: Admin | Күні: 10.10.2011

Құрметті рэп сүйер қауым! 05.02.2011 жылы Смерч а.к.а Жақаудың "Ел есіндегі дауыл" атты  жаңа альбомының және "Уақыт", "Соңғы таңдау" атты бейне клиптерінің тұсау кесер шоу концертіне шақырамыз!!! Сағат 14:00 бастап альбом сатылады. Бағасы 1000 теңге. Тыңдармандармен жүздесу, бейне фото, аңгімелесу бәрі мүмкін және концерт қонақтарыменде жүздесуге де болады.

Кеш қонақтары.: Тарлан (Атырау).

Болатын жері.: "Мұнайшы" мәдениет сарайы.

Болатын уақыты.:
05.02.2011. Сағат.: 18:00.

Билет бағасы.: 700 теңге.



Көргендер: 1248 | Қосқан: Admin | Күні: 25.01.2011